Шымкент тұрғыны 100 есек сойып, етін Қытайларға жібермек болған
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2024
- 806
Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде Шымкент тұрғыны қорасында жүзге таяу есек бағып отырғаны хабарланды. Дереккөз бұл кісі арам малдың етін сойып, сатады деп дабыл қаққан соң құзырлы органдар мәселені тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Шаруашылық иесі 12 мамыр күні құлаған төрт есекті сойып, ферманың ауласына көмген. Сойылған есектердің етін сату фактісі тіркелген жоқ. Қожалық иесі 100 есекті сойып, оның етін Қытайға экспорттағысы келгенін айтты», - дейді Шымкент қалалық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.
Анықталғандай, Қазақстанның заңында есек асырауға тыйым салынбаған. Бірақ оны арнайы бекітілген орындарға ғана сою керек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз