Үкімет тағы бір маңызды жобаға резервтен 2,4 млрд теңге бөлді
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2024
- 473
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеу үшін резервтен 2,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзіне сүйенсек, былтыр жылу беру маусымында қалада 25 технологиялық ережелерді бұзу фактісі тіркелген.
«Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының «Водоканал» ШЖҚ МКК жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам учаскеде жұмыстар жүргізілмек», - деп хабарлайды Үкімет.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда көшелер бір айға жабылады
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024