дүйсенбі, 1 шілде, 2024 0:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда көшелер бір айға жабылады

Таразда көшелер бір айға жабылады
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл аралықта көшелерде жөндеу жұмыстары жүреді

Облыс орталығындағы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, 2024 жылдың 17 мамыры, сағат 20:00-ден бастап «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бастап Төле би, 20Б ғимаратына дейінгі аралықтағы бөліктің бір жолағы толығымен және бір жолағының бір бөлігі 1 уақытқа жабылады. Жолда барлық көлік қозғалысына тыйым салынады. 

«Аталған жолдардың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар