Қоғам
Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы ғана үй алып үлгерген
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2024
- 486
Ал, 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 мыңнан астам үй бүлінген
17 мамырдағы жағдай бойынша 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкіметтің дереккөзіне сүйенсек, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.
«Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүреді», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз