Қазақстанда қаржы пирамидасы арқылы 600 адамды алдаған адам Грузиядан экстрадицияланды
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2024
- 504
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан елімізге экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген. 2023 жылы Грузияда қолға түскен адамды Қазақстанның құзырлы органдары елге экстрадициялады», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазір күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз