Шымкенттегі жалдамалы пәтерден үндістандық 2 студенттің мәйіті табылды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 332
Үндістандық екі студент Шымкентте жалдамалы пәтерден өлі табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Otyrar.kz сайтының жазуынша, марқұм Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері және қаланың Әл-Фараби ауданында үш шетелдік азаматпен бірге жалдамалы баспанада тұрған. Жатын бөлме мен дәлізден 21 және 22 жастағы шетелдіктердің мәйіті табылғаны хабарланды.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жастар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды деген алғашқы нұсқаны жоққа шығарды. Пәтерде орнатылған газ колонкасы мен ас үй плитасында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Студенттердің өлімінің себебі сараптама арқылы анықталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024