Елімізде
Өскеменде ауадағы хлор мөлшері артты, экологтар тексеріс бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025
- 237

Бұл туралы ШҚО экология департаментінің мамандары мәлімдеді
Өскемендегі титан-магний комбинаты маңында ауада хлордың шекті мөлшерден асып кеткені анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру жұмыстары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хлордың төгілуі мүмкін екені жөніндегі бейнематериалдар тараған соң басталды.
"Әлеуметтік желілерде түтін жайлы ақпарат шыққан соң, департамент мамандары “УК ТМК” АҚ аумағына жедел барды. Сол жерде атмосфералық ауаның сапасы арнайы құрылғылар арқылы тексерілді. Нәтижесінде хлордың шекті деңгейден асып кеткені тіркелді", – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда жағдай бақылауда, ал артық мөлшер тіркелгені үшін тиісті шаралар қабылданбақ.
Қала тұрғындарына сыртқа көп шықпау, терезе-есікті жауып қою және көбірек сұйықтық ішу ұсынылып отыр.
Келесі мақала