Әлемде
Индонезияда жанартау атқылады, күл бағаны 5,5 км-ге жетті
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025
- 165

Индонезияның шығысында Левотоби Лаки-Лаки жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды CNBC Indonesia.
Күл мен түтін бағаны таудың шыңынан 5500 метрге, теңіз деңгейінен шамамен 7000 метрге дейін көтерілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Желдің екпінімен күл үнемі сыртқа ұшып жатыр, бұл жанартаудың тұрақсыз белсенділігін көрсетеді. Мамандар жанартаудың белсенділігі әлі де жоғары деңгейде екенін айтады. Осыған байланысты билік жанартау қауіптілігінің деңгейін III-тен IV-деңгейге көтерді.
Халыққа және туристерге жанартауға 6–7 шақырымнан жақындамау және сабыр сақтау ұсынылды. Табиғи апат қаупі бар аудандарда тұратын тұрғындарға қатты жаңбыр жауған жағдайда лавалық сел жүру мүмкіндігі туралы ескерту жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль Иранға соққы берді
- авторБақытжан Бекболат
- 13 маусым, 2025