Елімізде
Әскери техника мен ұшақтар: 7 мамырдағы парадқа не күтеміз
- авторБақытжан Бекболат
- 4 сәуір, 2025
- 1.3k

Қорғаныс министрлігі 7 мамырда Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қалай жүріп жатқанын мәлімдеді
Қатысушылардың басым бөлігі елордаға келіп, жаттығуды бастап кеткен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дала лагерінде 203 тұрғын шатыр, 11 шаруашылық қамтамасыз ету пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, жеті далалық монша кешені, дала госпиталі, сондай-ақ техникаға арналған автопарк пен жөндеу-қалпына келтіру бекеттері орнатылған.
Парадқа барлығы 24 саптық бөлімше қатысады.
"Жалпы алғанда, алаңда төрт мыңнан астам әскери қызметкер жиналады, олардың қатарында 200-ден астам әйел-әскери бар. Механикаландырылған колонна 300-ден астам әскери және арнайы техниканы қамтиды, оның ішінде тарихи үлгілер де болады. Ал әуе шеруіне әртүрлі үлгідегі 66 ұшу аппараты қатысады", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Келесі мақала