жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Скопьеде Қазақстан Елшілігі ресми түрде ашылды

Скопьеде Қазақстан Елшілігі ресми түрде ашылды
Сыртқы істер министрлігі
Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде Қазақстан Республикасының Елшілігі ресми түрде ашылды

Салтанатты рәсімге Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунски мен Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов қатысып, дәстүрлі түрде лентаны қиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, парламент депутаттары, үкімет мүшелері, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, бизнес, БАҚ және қоғам қайраткерлері қатысты.

Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде бұл оқиғаның тарихи маңызына тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Оның айтуынша, 1995 жылы орнаған дипломатиялық байланыстар жылдар өте жоғары деңгейдегі саяси диалогқа, үкіметаралық және парламенттік байланыстардың нығаюына, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасулардың кеңеюіне жол ашты.

Соңғы уақытта екі ел арасындағы байланыстар елеулі серпін алды. Мамыр-маусым айларында Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкованың, сыртқы істер, энергетика және экономика министрлерінің Қазақстанға сапарлары осы серіктестіктің маңызды кезеңіне айналды.

Тимчо Муцунски Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Скопьеде елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл бастама екіжақты қатынастарды жаңа белеске шығаратын маңызды қадам екенін атап өтті. Министр өзара саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы өзара қолдаудың артып келе жатқанын ерекше атады.

Рәсім соңында Тимчо Муцунски Қазақстан Елшілігінің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар