Елімізде
«Солтүстік бағыт». ҰҚК ресейлік қарулы күштермен бірге ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 тамыз, 2024
- 171
Арнайы операция кезінде екі адам ұсталды
ҰҚК ресейлік қарулы күштермен бірге «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.
Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.
- Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде. Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасуда,-делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Алатау» дәстүрлі өнер театры қала күнінде тұрғындарды думанға бөледі
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
Елімізде
Шымкенттегі жалдамалы пәтерден үндістандық 2 студенттің мәйіті табылды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024