Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймасы 100% толуы керек - министр
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 сәуір, 2024
- 929
Министрдің айтуынша, су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жоспарына су тасқынына қарсы іс-шаралар енгізілген.
«Оны іске асырудың кешенді жоспары бар. Еріген қар суын ауыл шаруашылығында пайдалану жоспарын шұғыл әзірлеу қажет. Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймалары 100% толуы керек, бірақ су жинау кезеңі су шаруашылығы құрылыстарына зиян келтірмейтіндей өтуі керек», - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Нұржігітов министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара жедел іс-қимылдың маңыздылығын, су тасқыны кезінде ғана емес, жыл бойы тығыз байланыста болуы керегін атап өтті.
"Байланысты арттыру маңызды. Өйткені, министрліктен бөлек, әкімдіктердің де балансындағы су қоймалары бар. Сондай-ақ бірлесіп су шаруашылығы құрылыстарын жөндеуді жылдамдатамыз", - деді министр жиын соңында.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024