сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқандар заң аясында жауап беретінін тағы да еске салады

Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 2 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонында мәлімдеді, деп хабарлады jambylinfo.kz.

КТК телеарнасы хабарлағандай, Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылған.

«Жалған ақпаратты білместіктен тарату заң бойынша жауапкершіліктен босатпайды, біз оны бірнеше рет ескерттік. Жалған ақпараттың дені гуманитарлық көмек ұрланып жатыр, әкімдіктер өздеріне иемденім алды, адам өлімі мен мал қырылды деген сарында.  Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз. Осы орайда жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің барын еске саламыз», - дейді ведомствоның ресми өкілі.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар