жұма, 22 қараша, 2024 19:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынының екінші кезеңімен күресіп жатқан БҚО-да төрт ірі су қоймасы 90 пайызға толған - «Қазсушар»

Су тасқынының екінші кезеңімен күресіп жатқан БҚО-да төрт ірі су қоймасы 90 пайызға толған - «Қазсушар»
Сурет ашық дереккөзден алынды
Республикадағы су қоймаларының басым бөлігі 100 пайыз толған

«Қазсушар» Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Облыстың төрт ірі су қоймасы 90%-ға толған. Бұл туралы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәлімдеді,-деп хабарлады jambylinfo.kz.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 838 см жетіп, бір тәулікте 8 см-ге төмендеген.

«Қазсушар» мекемесі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі аяқталып, Астана контрреттегішінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толған және транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Қазір Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

«Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см-ге дейін төмендеді. Петропавл қаласының шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1299 см. Бір тәулікте ол 6 см-ге төмендеген. Ал Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%. Су тасқыны жалғасуда»,-деп жазылған ведомстваның хабарламасында. 

Сондай-ақ Абай облысында Шүлбі су қоймасы 40%-ға толса, Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,4%-ға толған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар