дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтті

Таразда этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Көрмеде сәнді, замануи қолөнер туындылары мен ұлттық бұйымдар көпшіліктің назарын аударды

Тараздағы «Достық» үйінде көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестіктерінің көрмесі өтті. Көрмені облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аралап көрді , деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Көрмені ұйымдастырушылар Бірлік мерекесінің маңыздылығы мен тарихы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Қиын-қыстау кезеңнен өтіп, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның даму жолында, еліміздегі халықтардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыруда бұл мерекенің маңызы зор екеніне назар аударылды. 

Көрмеге келген қонақтар түрлі этнос өкілдерінің қолынан шыққан сәнді қолөнер бұйымдарын, замануи туындыларын, керамикалық заттары мен ұлттық бұйымдарын, түрлі суреттеді тамашалап, сатып алды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ халқын ертеңгі Бірлік күнімен құттықтаған болатын. 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар