сейсенбі, 17 маусым, 2025 22:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан мен Жамбыл облыстарында суару арналары цифрландырылып жатыр

Түркістан мен Жамбыл облыстарында суару арналары цифрландырылып жатыр
Pixabay.com
Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түркістан және Жамбыл облыстарында каналдарды цифрландыру жұмыстары алдағы екі жылда жүргізіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, Түркістан облысында 81, ал Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады. Жұмыстарды 2027 жылға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта министрлік жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Монтаж жұмыстары мен ақпараттық жүйелер дайын болған соң, каналдар арқылы жиналатын барлық деректер Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесіне біріктіріледі. Бұл су қорын тиімді басқаруға және су алу көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді.

"Мемлекет басшысы кемінде 3500 шақырым суару каналын цифрландыруды тапсырды. Қазір бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізілуде. Жоба су ресурстарын тиімді пайдалануға, суды дәл есептеуге және шығынды азайтуға септігін тигізеді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар