бейсенбі, 22 мамыр, 2025 11:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алтынбек Қоразбаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпаздары анықталды

Алтынбек Қоразбаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырылған халықаралық байқауда Қырғызстан, Моңғолия, ҚХР-нан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалпы саны 20 үміткер бақ сынады.

Тараз қаласында өткен Қазақстан және Қырғыз Республикаларының Халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Екі кезеңнен тұрған конкурсқа Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев, Ержан Ыдырысов сынды отандық эстрада жұлдыздары мен мәдениет майталмандары қазылық етті.

Гала-концертте жарияланған «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсының бас жүлдесі алматылық Медет Орынбаевқа бұйырды. Киелі Әулиеата топыраған әуезді әнмен бөлеген жеңімпазға арнайы статуэтка мен 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, қалған жүлде қазылар алқасының ортақ шешімімен төмендегі тізім бойынша үлестірілді: 

І орын - статуэтка, 800 000 теңгенің сертификаты 

Ұлболсын Кенжебайқызы - Қытай Халық Республикасы;

ІІ орын – статуэтка, 700 000 теңгенің сертификаты

Қабдолов Мержан Ғизатоллаұлы - Атырау облысы;

ІІІ орын – статуэтка, 500 000 теңгенің сертификаты

Жомартов Асыл Жасөркенұлы – Түркістан облысы;

ІІІ орын – статуэтка, 500 000 теңгенің сертификаты

Алибекова Ақбөпе Кенжебекқызы – Астана қаласы;

Конкурстың І кезеңіне қатысып, белсенді өнер көрсеткендері үшін 10 өнерпазға Алғыс хаттар және 100 000 теңге ынталандыру сыйақысы берілді, олар:

1. Худайберген Ерасыл Ералыұлы - Шымкент қаласы

2. «Шабыт» вокалдық квартеті - Қостанай облысы

3. «Батыс Star» триосы - Батыс Қазақстан облысы

4. Қабдолла Мадина Сайлауқызы - Астана қаласы

5. Мұқатай Алмас Қизатұлы - Павлодар облысы

6. Бақытұлы Орынбасар - Жамбыл облысы

7. Тоқтарова Зарина Жандосқызы - Астана қаласы

8. Акнамурадов Адлет Виталиевич - Жамбыл облысы

9. Ескермесов Аманжол Талғатұлы – Өзбекстан Республикасы

10. Абасбекова Аккыз Абасбековна – Қырғыз Республикасы

Сондай-ақ, 5 өнерпазға Дипломдар мен 200 000 теңге ынталандыру сыйақысы берілді, олар:

1. Мәжитов Талант Манатұлы - Шығыс Қазақстан облысы

2. Ермахан Багдаулет - Қостанай қаласы

3. Нуркуатова Луиза Нуркуатқызы - Ақтау қаласы

4. «Тұғыр» квартеті - Монголия Республикасы

5. Актаева Дамира Актаевна - Қарағанды қаласы

Айта кетейік, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы ұйымдастырып отырған бұл өнер додасының мақсаты — Алтынбек Қоразбаевтың бай мұрасын насихаттап, жас әншілердің шығармашылық деңгейін көтеру, отандық ән өнерінің дамуына үлес қосу және ұлттық әндерді халықаралық деңгейде таныту.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар