Төтенше жағдай басталғаннан бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткен
- авторjambylinfo.kz
- 20 мамыр, 2024
- 654
Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек келген. Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
"Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті", - дейді Шарғабаева.
Қазір аудандағы гуманитарлық көмекті алпысқа тарта ерікті халыққа таратып беріп жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз