жұма, 25 қазан, 2024 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талғарда  уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті құрықталды

Талғарда  уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті құрықталды
Алматы ПД
Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада. 

 

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар