сенбі, 23 қараша, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразысы талапқа сай емес дүкен иесіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Таразысы талапқа сай емес дүкен иесіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Таразысы талапқа сай емес дүкен иесіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «JARDI KZ» ЖШС қатысты жоспардан тыс мемлекеттік бақылау жүргізді. Ведомствоның мәліметінше, шағымда 3 қазан күні кешке өтініш беруші осы компанияға тиесілі дүкеннен сүзбе мен айран сатып алғаны көрсетілген. Сүзбенің массасы орамдағы көрсетілген массаға 0,5 кг сәйкес келмеді. Тексеру барысында осы дүкенде сатылатын сүзбе өнімнің массасын көрсетпей пакеттерге салынатыны анықталды. «Алайда, сүзбе сату кезінде фискалдық чекте 0,5 кг салмақ көрсетіледі. Сондай-ақ, дүкеннің сауда үй-жайында Штрих-баспа М15-2, 5Д1И1 электронды таразы қолданылған. Жоспардан тыс тексеру кезінде салыстырып тексеру туралы сертификаты да жоқ екені анықталды, ал кейінірек ұсынылған салыстырып тексеру туралы сертификат жарамсыз деп танылған. Осыған байланысты материалдар түпнұсқалығы туралы күмәнмен тиісті органдарға жіберілді», - деп жазылған хабарламада. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның 22-бабына сәйкес, өлшеу құралдары; сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім саны; оны өткізу кезінде кез келген түрдегі қаптамадағы буып-түйілген өнімнің саны мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып саналады. Бұдан басқа, Заңның 19-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшеу құралдары олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестатталғаннан және айналымға шығар алдында, жөндеуден кейін, пайдалану кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін салыстырылып, тексеріледі. «Жоғарыдағы дүкенде орнатылған таразы салыстырылып тексерусіз қолданылған және салыстырылып тексеруден уақтылы өтпеген ретінде қолдануға жарамсыз деп танылғаны анықталды. Осы Заң талаптарын бұзғаны үшін «JARDI KZ» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 419-бабы бойынша 4 900 800 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, кемшіліктерді жоюға нұсқама беріліп, қайта тексеру тағайындалды», - деп жазды ведомство. Сонымен қатар, департамент ЖШС өкіліне «Техникалық реттеу туралы» заң талаптарын бұза отырып, сәйкестікті бағалау және өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы «сұр» құжаттарды алуға жол бермеу қажеттігін, сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңға сәйкес салыстырылып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын қолданғаны үшін заңды және жеке тұлғаның жауапкершілігін түсіндірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар