сенбі, 23 қараша, 2024 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Терактінің артында кім тұрғанын білеміз": Түркия АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамады

"Терактінің артында кім тұрғанын білеміз": Түркия АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамады
ашық дереккөзі
"Терактінің артында кім тұрғанын білеміз": Түркия АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамады
Түркияның ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу ел билігі Ыстанбұлдағы терактінің артында кім тұрғанын білетінін, сондықтан АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Біз шабуылдың түп төркіні қайдан шыққанын білеміз, жіберілген хабарламаның астарын түсіндік. Сондықтан АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Ешкімге опасыздық жасамайтын ел ретінде өзге елдердің опасыз әрекеттеріне төзбейміз. Истикляль көшесі біздің баламыздай ыстық. Егер біз қылмыскерді ұстамағанда, ол Грекияға қашып кететін еді", — деді министр жергілікті арна эфирінде.
Айта кетейік, кеше  Ыстанбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жарақаттанды. Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар