дүйсенбі, 7 қазан, 2024 0:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бес жігіт 15 жастағы қызды зорлады»: Шымкент полициясы тергеуді бастады

«Бес жігіт 15 жастағы қызды зорлады»: Шымкент полициясы тергеуді бастады
ашық дереккөзі
«Бес жігіт 15 жастағы қызды зорлады»: Шымкент полициясы тергеуді бастады
Шымкент қаласында бес жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Жамбылинфо Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желідегі видеода 15 жастағы қыздың өкілі бес жігіт қылмысты қалай жасағанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, жасөспірімді лоджияда қамап қойған. Кейін үйдің иесі оны асүйге кіргізіп, зорлаған. Одан кейін достары кезек-кезек кірген. Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратқа сәйкес, бұл қылмыс Абай ауданында тіркелген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі ("Зорлау, адамдар тобымен жасалған әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетері, осы қылмыс үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар