Елімізде
Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты әуе рейстері тоқтатылды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 маусым, 2025
- 206

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:
КС205/206/Астана-Дубай-Астана
КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер)
- Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады, - делінген хабарламада.