Елімізде
Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 17 желтоқсан, 2025
- 225
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
Келесі мақала
Таразда Тәуелсіздік күніне орай Ашық есік күні өтті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
- авторМағжан Орынбасар
- 9 қаңтар, 2026





