Елімізде
Тоқаев Сингапурды тәуелсіздіктің 60 жылдығымен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 тамыз, 2025
- 718
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.
Келесі мақала
Жуалыда “Ауылым – алтын бесігім” өнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстан мен Армения арасында жаңа әуе рейстері ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2026






