Елімізде
Тоқаев Түрікменстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 27 қыркүйек, 2025
- 467
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026





