Тоқаев жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 14 мамыр, 2024
- 616
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Қабылдау кезінде Жаслан Мәдиев ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан.
«Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған», - деп хабарлайды Мәдиевтің сөзін Ақорда.
Министр сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу, AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді.
Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024