дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаевтан сөз естіген премьер-министр бейнеүндеу жариялады

Тоқаевтан сөз естіген премьер-министр бейнеүндеу жариялады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Олжас Бектенов су тасқынына қатысты жағдай тәулік бойы бақылауда екенін мәлім етті

Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңестен кейін бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен әрбір адамның шығыны өтеледі.

«Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Барлық сұрақтар тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қараусыз қалмайды. Барлық шығын өтеледі», — деді Олжас Бектенов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар