жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоғыз айда су заңнамасын бұзғандарға 46 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Тоғыз айда су заңнамасын бұзғандарға 46 млн теңгеден астам айыппұл салынды
istockphoto.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жыл басынан Қызылорда және Түркістан облыстарында су заңнамасын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Арал-Сырдария бассейні су инспекциясы 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жүргізген тексерістердің нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғалды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов инспекцияның жыл басынан бергі жұмысы туралы есебін тыңдады.

Осы кезең аралығында су заңнамасын бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 46,7 млн теңге.

Сонымен қатар жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Қызылорда және Түркістан облыстарында арнайы су пайдалануға 286 рұқсат берді.

«Өткен вегетация кезеңінде Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейнінде заңсыз су алу және тіркелмеген сорғы қондырғыларын орнату фактілері анықталды. Суармалы суды әділ бөлу мақсатында инспекторлар министрліктің орталық аппараты және «Қазсушар» РМК мамандарымен бірлесіп су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Жаңа Су кодексінде көзделген бақылау функциялары бассейндік су инспекцияларына бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Арал-Сырдария бассейні су инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар