жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық боксшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

Жамбылдық боксшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Солардың бірі — Жамбыл облысы Жуалы ауданының тумасы Мұхамедәлі Рүстембек. Ол Манамадағы жарыс жолын жеңіспен бастап, енді жартылай финалға жолдама алды.

+80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жас боксшы ширек финалда иорданиялық Иса Омарды айқын басымдықпен жеңді. Қазылардың бірауыздан шығарған шешімімен кездесу 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Осылайша Мұхамедәлі Рүстембек жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол финалға жолдама үшін өз салмағындағы үздік қарсыластардың бірімен күш сынасады.

Жарыс 30 қазанға дейін жалғасады, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетуді көздеп отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар