сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 18:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Таразда 42 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады

Биыл Таразда 42 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады
Тараз қаласының әкімдігі
Таразда 2026 жылдың жоспарына сәйкес ұзындығы 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге, ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жоспарланған.

 Сондай-ақ, Рысбек батыр, Қолбасшы Қойгелді, А.Асқаров көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

2023-2025 жылдары қалада 279,5 шақырымды құрайтын 474 көшеге асфальт төселіп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарындағы және 28 саяжайдағы 320 көшеге қиыршық тас жол салынды.

Көптен бері өзекті мәселе болып келген «Бурыл А,Б,В» алқабындағы 75 көшеге және «Барысхан» тұрғын алқабында 24 көшеге асфальт жабындысы төселіп, жұмыстар толығымен аяқталды.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 3 жылда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 58,4 пайыздан 71,5 пайызға дейін артты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар