сәрсенбі, 16 шілде, 2025 10:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТЖМ Қазақстанда қанша орман және дала өрті болғанын мәлімдеді

ТЖМ Қазақстанда қанша орман және дала өрті болғанын мәлімдеді
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазір өрттің алдын алу және оны дер кезінде сөндіру үшін ТЖМ, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған жылжымалы топтар жұмыс істеп жатыр

Қазақстанда өртке қауіпті кезең басталғалы бері ормандар мен далаларда қанша өрт шыққаны туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгінге дейін ел аумағында жалпы ауданы 27 мың гектарды қамтитын 261 орман өрті тіркелген. Далалық аумақтарда 16 өрт және 1357 жану оқиғасы орын алып, жалпы көлемі 14,5 мың гектар жерге таралған.

Қазір өрттің алдын алу және оны дер кезінде сөндіру үшін ТЖМ, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған жылжымалы топтар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ орман алқаптарында су шашатын құрылғылармен жабдықталған тікұшақтар кезекшілікке шыққан. Өрт шыққан жағдайда 24 тікұшақ жұмылдыруға дайын. Ел бойынша 26 орман шаруашылығында 36 механикаландырылған бақылау бекеті қойылған.

Өрт қаупі бар кезең басталғалы 3397 азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52,1 миллион теңгені құрады.

«Қазір өрт қаупі өте жоғары кезең. Бірқатар өңірлерде өрт қауіпі ең жоғары деңгейде сақталып отыр. Сондықтан барша азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Мұндай жағдайда елді мекендерде, орманда, егістік алқаптарға жақын жерде от жағуға болмайды. Тұтатылған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыздар, шыны заттарды қалдырмаңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және оларды отпен ойнауға жол бермеңіздер», – деді Төрегелдиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар