Елімізде
«Уланды». Маңғыстауда бір кеште 16 оқушы ауруханадан бір-ақ шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қыркүйек, 2024
- 521

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектепте 16 бала уланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы 12 қыркүйек күні кешке шамамен 7-де Ж. Қалдығараев атындағы мектептің 16 оқушысы іш ауруы шағымымен аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінгенін мәлімдеді. Дәрігерлер балалардың судан уланған деп жорамалдап отыр.
«Қабылдау бөлімінде оларға ауыз арқылы регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. 12 қыркүйек күні сағат 21:43-тегі жағдай бойынша барлық балалар үйге жіберілді. Оқушылардың жағдайы тұрақты. Бүгін балалардың бәрі мектепте», делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметінен кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
Елімізде
«Көктайғақ, дауыл, жауын-шашын»: Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025