жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес - Жұлдыз Әбдікәрімова

Тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес - Жұлдыз Әбдікәрімова
Сурет: ашық дереккөзден алынды
Өнер иесі халыққа үндеу жасады

Әнші, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қазақтың қонақжайлылығы туралы айта келе V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты халыққа үндеу жасады.

  • Айтпағым мынау, 8-16 қыркүйек аралығында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қонақ келеді. «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» өтеді. Барынша қонақжайлық танытайықшы. Өткенде тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес. Қазақ деген ұлттың бейнесін көрсететін біз. Мәселен, өзім шет елге барғанда таңданатын бір жайды айтайыншы. Түркияда әуежайдан қонақүйге жеткенше такси жүргізушісі елінің тарихын, қаланың әсемдігін тамсана баяндайды. Ұлы тұлғаларын айтып мақтанады. Сүйсінесің. Сізге жолыққан әр туристің алдында қазақ деген халықтың бейнесін көрсетіп тұрғаныңызды әрқайсымыз ұмытпайықшы, - деп жазды ол.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар