жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әйелдерге "Ландыши" деп ән арнаған Жасдәурен 9 балалы батыр анаға үй сыйлады

Әйелдерге "Ландыши" деп ән арнаған Жасдәурен 9 балалы батыр анаға үй сыйлады
Видеодан скриншот
Әнші қайырлі істі Харекет қорымен бірлесе жасаған

Харекет қорының «100 күнде 100 баспана» жобасы аясында 1220 үй тоғыз балалы анаға тарту етілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көп жылдан бері пәтер жалдап тұратын отбасында 9 бала бар екен. Отағасының отқарағы ортайғалы ауыр жүк әйелге артылған. Бұрыннан ыдыс жуушы боп жұмыс істеген ол қазіргі кезде еден жуушы болып нәпақа тауып жүр екен.

-    Күйеуімнің көзі әлсіз көреді. Сондықтан күндізгі жұмыстарға анда-санда шығып тұрады. Өзім қазір еден жуушы болып жұмыс істеп қаражат табамын. Пәтер жалдап тұрудың машақаты көп. Қиынға соғып жүр,- дейді батыр ана. 

Тіршіліктің тауқыметін көп  көрген анаға эстрада әншісі Жандәурен Аблаев шоқ гүлі мен баспана кілтін табыстады. 
Айта кетейік, Харекет қорының «100 күнде 100 баспана» жобасы аясында мұқтаж жандарға беріп отырған 1220-ші үйі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар