«Әйелімнің жылап қалатыны бар». Боксшы Бекзат Нұрдәулетов отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қараша, 2024
- 648
Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов отбасын құрғалы жаттығуына қалай әсер еткені секілді отбасылық өмірі туралы сауалға жауап берді. «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында спортшы әйелінің неліктен жылайтыны туралы да айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Отбасын құрғалы жағдайым жақсара түсті. Әйелім барлық жағдайды жасап, түсіністікпен қарап қолдайды. Отбалылы болуым жаттығуға кедергісін келтірген жоқ. Кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді ғой. Тек жаттығу жиындарына кетер алдында бір жылап алатыны бар», - деді ол.
Сондай-ақ, боксшы өзінің көп жылдан бері кітап оқуға әуес екенін атап, бұл әдетті кімнен үйренгенін атады.
«Кітапты жиі оқимыз. Бұған мені баулығын Абылайхан Жүсіпов болатын. Кітапты ол көп оқитын шығар. Екеуіміз бір-бірімізге әрдайым кітап сыйлап тұрамыз. Ақыл-ой айтып, пікір алмасып отыратынымыз тағы бар. Биылға 20 кітап оқуды мақсат еттім. Қазіргі уақытта ол меже тек 12 кітап болды. Осы оқу-жаттығу жиындарына 2 кітап алып келгем. Әр адам кітап оқуы тиіс. Есенберлиннің "Көшпенділелерін" оқыған адам өзінің қазақ екенін, қандай ұлт екенін таныр еді деп ойлаймын», - деді Бекзат Нұрдәулетов.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024