Елімізде
Қылмыстық іс қозғалды: Оралда жас қыз көпірден секіріп кеткен
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қараша, 2024
- 357
Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді
Орал қаласында 21 жастағы қыздың көпірден секіріп кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды,
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға 25 қараша күні шамамен сағат 14.20-да болды.
«Шаған өзеніндегі көпір маңынан өтіп бара жатып, полиция қызметкерлері, полиция подполковнигі Ернұр Берікқалиев пен полиция майоры Арсен Самиев қыздың секіргенін байқаған. Көмекке асыққан полицейлер судағы қызға құтқару шеңберін лақтырып, соның арқасында ол қауіпсіз жерге шыққан. Содан кейін оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем бригадасы жеткен. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.