Алматыда қоғамдық көлік көпірден құлады. Салдарынан рөлде отырған адамның жамбасы сынған, деп хабарлайды
Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.
"12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі "Алматы-Бішкек" тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Микроавтобустың жүргізушсі мен оның алты жолаушысы дәрігерлерге қаралып, үйлеріне жіберілді. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.