Жаңбыр, бұршақ және найзағай: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- авторБақытжан Бекболат
- 7 мамыр, 2025
- 3503

Алдағы үш күнде еліміздің бірнеше қаласында ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астана
8 мамыр – Аспан бұлтты, бірақ жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 3–8 м/с. Түнде 12–14°, күндіз 28–30° жылы.
9 мамыр – Аспанды бұлт торлайды, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде 15–17°, күндіз 25–27° жылы.
10 мамыр – Аспан бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кейін батыстан, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 13–15°, күндіз 22–24° жылы.
Алматы
8 мамыр – Аспан сәл бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Түнде 16–18°, күндіз 31–33° жылы.
9 мамыр – Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, 7–12 м/с. Түнде 17–19°, күндіз 28–30° жылы.
10 мамыр – Аспан бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, 7–12 м/с. Түнде 15–17°, күндіз 23–25° жылы.
Шымкент
8 мамыр – Бұлтты ауа райы сақталады, жауын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21°, күндіз 33–35° ыстық.
9 мамыр – Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде нөсер болуы мүмкін. Күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 17–19°, күндіз 26–28° жылы.
10 мамыр – Бұлтты күн, бірақ жауынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 15–17°, күндіз 27–29° жылы.
Тараз
8 мамыр – Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +35°, түнде +20°.
9 мамыр – Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз +24°, түнде +18°.
10 мамыр – Аспан ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +28°, түнде +15°.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Алматының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктеді
- авторБақытжан Бекболат
- 24 мамыр, 2025