жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде салтанатты шара өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде салтанатты шара өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шара барысында қызмет барысында адал еңбек етіп, мекеменің дамуына үлес қосқан ардагерлерге алғыс білдіріліп, ыстық ықыласқа толы сөздер айтылды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді құрметпен шығарып салу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс-шара барысында қызмет барысында адал еңбек етіп, мекеменің дамуына үлес қосқан ардагерлерге алғыс білдіріліп, ыстық ықыласқа толы сөздер айтылды.

Салтанатты жиында мекеме басшылығы зейнетке шыққан қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыстап, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тіледі.

Шара соңында өмірден өткен әріптестердің рухына арнап құран оқылып, еске алу рәсімі өткізілді.

Мекеме ұжымы бұл игі дәстүрді жыл сайын жалғастырып, ардагерлерге құрмет көрсету арқылы жас қызметкерлерге өнеге болуды көздейді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар