сенбі, 14 маусым, 2025 22:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жел, жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Жел, жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: Jambylinfo.kz
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн күрт ысып, кейін салқындай бастайды. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр жаууы ықтимал деген болжам бар, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қаласында 21–22 мамыр күндері күн ашық болып, ауа температурасы +31°C-тан +34°C-қа дейін жетеді. Алайда 23 мамыр күні жаңбыр жауып, күн салқындап, температура +27°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Түнде +12°C шамасында болады.

Елордада 21 мамырда күн жартылай бұлтты, ауа температурасы +25°C шамасында. 22 мамырда өткінші жаңбыр күтіледі. Ал 23 мамырда күн салқындап, +20°C-қа дейін төмендейді. Желдің күшеюі байқалады.

Алматы қаласында ауа райы жылы болып, күндіз +28–30°C-қа дейін көтеріледі. Алайда 23 мамыр күні найзағайлы нөсер жаууы мүмкін. Түнгі уақытта ауа температурасы +13°C шамасында болады.

Шымкентте 21–22 мамыр күндері күн ашық болып, температура +32–36°C аралығында болады. 23 мамырда күн сәл салқындап, +27°C болады. Бұл күндері ауа райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Қостанай қаласында 21 мамырда күн шуақты, ауа температурасы +25°C. Келесі күндері өткінші жаңбыр мен жел күшейеді. 23 мамырда ауа температурасы +21°C шамасында.

Түркістан қаласында 21 мамыр күні күн ашық болады, ауа температурасы +34 градусты көрсетеді. 22 мамырда аптап ыстық сақталады, сынап бағаны +36°C-қа дейін көтеріледі. Ал 23 мамырда күн райы өзгеріп, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл күні ауа температурасы төмендеп, +28°C шамасында болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар