бейсенбі, 3 сәуір, 2025 0:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жемқорлық азайды»: Қазақстан әлем елдері арасындағы рейтингте 5 орынға көтерілді

«Жемқорлық азайды»: Қазақстан әлем елдері арасындағы рейтингте 5 орынға көтерілді
Фото - ашық дереккөз
Сараптамалық бағалау тізімінде 180 ел бар

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілген.

- Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш. Әлем бойынша орташа балл 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.  Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу. Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел,- делінген хабарламада.

Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.

Жемқорлықты қабылдау индексі – Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс.

 Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар