сәрсенбі, 18 қыркүйек, 2024 5:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жергілікті атқарушы орган 35 жоба бойынша сметалық құжаттама бағасын негізсіз көтерген

Жергілікті атқарушы орган 35 жоба бойынша сметалық құжаттама бағасын негізсіз көтерген
Фото - ҚМА
Оның құны 300 млрд теңгеден асады

Биыл елімізде бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚМА дерегінше, биыл бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды. Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілген.

Сонымен қатар, 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды.

 Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді.

 Жаңа технологиялар саласында крипто құралдарын қылмыстық мақсатта пайдалану мониторингі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Тәуекелдерді секторлық бағалау жүргізілді және оларды азайту жөніндегі тиісті шаралар жоспары бекітілді. Қазақстан виртуалды активтер бойынша ФАТФ тобына қосылды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар