сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 19:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Жуалыда болған жол апатынан екі адам зардап шекті
istockphoto.com
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысы Жуалы ауданында, Алматы – Ташкент автожолының 570-шақырымында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Екі автокөліктің ішінде 10 адам болған, олардың алтауы балалар. Оқиға орнына Жуалы ауданының құтқарушылары жедел түрде жетті.

Құтқарушылар зардап шеккендерді автокөліктерден шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл және психологиялық көмек көрсетті.

Екі зардап шеккен адамды медициналық қызметкерлер аудандық ауруханаға жеткізді, ал қалғандарын құтқарушылар емдеу мекемесіне жеткізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар