Жыл сайын 2 мыңнан астам адам жол апатынан қаза табады – ІІМ дерегі
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қыркүйек, 2025
- 373
Қазақстандағы автокөліктердің 50%-дан астамы 20 жылдан астам уақыт бойы қолданыста жүр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Вице-министрдің айтуынша, автопарк жыл сайын өсіп келе жатқанымен, көліктердің тозу деңгейі де артып отыр. Техникалық байқау саласында да түйткілдер бар, себебі бұл қызмет қазіргі кезде бәсекелестік ортада жүзеге асырылуда.
«Осы жылдар ішінде 178 мың ақаулы көлікті басқару фактісі, 102 мың техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану жағдайы анықталды», – деді Лепеха.
Оның айтуынша, жол қауіпсіздігін күшейту үшін Көлік министрлігі техникалық байқау станцияларының жұмысын қатаң бақылауға алуы тиіс. Сондай-ақ жолдарды қабылдау комиссияларына полиция қызметкерлерін қайта енгізу ұсынылды.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл сайын Қазақстан жолдарында екі мыңнан астам адам қаза тауып, жиырма мыңнан астамы түрлі жарақат алады.






