«Зорлағанын видеоға түсірген»: Қызылордада 20 жасар қызды бопсалаған күдіктіге қатысты тіркеу жүріп жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 10 маусым, 2024
- 687
Қызылордада 20 жасар қызды ұрып-соғып, зорлап, видеоға түсіріп, артынша бопсалаған жігіттің бостандықта жүргені туралы журналист Нәзия Жоямергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Аталған оқиғаға қатысты jambylinfo.kz тілшісі Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтің атына сұрау хат жолдаған болатын.
Сауалымызға Қызылорда облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Саулебеков жауап беріп, оқиғаны растаған.
«Хатыңызда көрсетілген дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, тергеу жұмыстары басталды. Қазір қылмыстық іс бойынша жан-жақты және обьективті түрде тергеп-тексеру жүріп жатыр. Соның нәтижесінде заңды процесстік шешім қабылданады. Сонымен қатар, Қазақстан Ресрубликасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-ші бабының талабына сай қылмыстық іс-жүргізу барысы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды»,-деп жазылған Бауыржан Саулебеков берген жауапта.