15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы желіде тағы да жазба жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 18 шілде, 2024
- 524
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына тағы да жан тебірентерлік хат жазды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
"Алла амандық берсін! 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруін жазсын! Бүгініңді өткеннің уытымен, келешектің елесімен улама. Бүкіл әлем таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесулер мен қоштасулар – сенің жүрегіңде! Жығылған мен сүрінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте», – деп жазды ұлына анасы.
Иә, ананың көңілі қашан да балада екені рас. Соның бір дәлелі анасы Қайрат қамауға алынған күннен бері толассыз жазып жүргені. Ана жүрегінің әр жазбасы ұлына деген ыстық ықылас пен ақылға тұнып тұр. Алайда желі қолданушыларының арасында мұны ерсі көретіндер де табылды.
«Не болды соншама?! Соғысқа кеткен жоқ қой», «Зарланып кетті ғой», «Ақылды қатын ба десем, не болды соншама жарияға жар салып. Проблемасы кімге керек?», «Хан сарайында жатқандай жатқан шығар Қайрат қайта» деп түрлі жазба қалдырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024