жексенбі, 7 шілде, 2024 7:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алтынбек Қартабайдың фотосуреттері архив қорына өтті

Алтынбек Қартабайдың фотосуреттері архив қорына өтті
ашық дереккөзі
Алтынбек Қартабайдың фотосуреттері архив қорына өтті
Жамбыл облысының үздік фотографтарының бірі, облыстық "ARAI" газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың жеке тектік құжаттары Тараз қалалық мемлекеттік архивіне өткізілді. Осыған орай  салтанатты жиын өтіп, оған  облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева, қалалық архив директоры Нұрхат Серікбаев, А. Қартабайдың ұжымдас әріптестері мен өзге де архив саласының қызметкерлері қатысты.
Қорға Алтынбек Болатұлының жеке тектік құжаттарынан тұратын 7 сақтау бірліктен тұратын 100-ге жуық құжаттары мен 500-ге жуық фотосуреті мемлекеттік сақтауға алынып, толықтырылды.
Фотоөнер шебері өткізген құжаттар қатарында оның ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтан, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан алған алғыс хаттары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі туралы куәлігі, түрлі дәрежелердегі байқаулардың дипломдары, халықаралық фотофестивальдерден алған сертификатары өзге де жеке дүниелері бар.
Салтанатты рәсімнен соң өткен "дөңгелек үстел" отырысы барысында  Алтынбек Болатұлы өзінің  фотография саласына  келу тарихымен бөлісіп,  фотосурет өнерінің кейбір қыр-сырларымен бөлісті.  Басықосу барысында сөз алған мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева А. Қартабайдың ұзақ жылдар бойғы еңбегін ерекше айтып өтіп, құнды құжаттар болашақ ұрпақтың қажетіне жарайтынын жеткізді.
 width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар