Талғат Мамаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 25 тамыз, 2020
- 977
Талғат Мамаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол экономика және қаржы салалары бойынша жетекшілік ететін болады. ⠀ Мамаев Талғат Шариұлы 1977 жылы Жамбыл облысында туған, білімі жоғары. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. ⠀ Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы бойынша салық комитетінің маманы ретінде бастаған. ⠀ 2003-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төраға орынбасары, 2006-2008 жылдары Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілерді мониторингілеу басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры қызметтерін атқарған. ⠀ 2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024