сейсенбі, 26 қараша, 2024 10:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Алыстағыны арбап, жақындағыны жалмап жейтін жалмауыз». Ақын Мұхтар Ниязов Айнұр Тұрсынбаева жайлы шындықты айтты

«Алыстағыны арбап, жақындағыны жалмап жейтін жалмауыз». Ақын Мұхтар Ниязов Айнұр Тұрсынбаева жайлы шындықты айтты
Мұхтар Нияздың жеке парақшасынан алынды
Ол өз пікірін туған күн иесіне құттықтауында айтқан

Бүгін есімі алты алашқа белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған күні. Осыған орай өнер иесінің досы, айтыскер-ақын Мұхтар Ниязов әлеуметтік желіде құттықтауын жариялады. Ол жазбасында әріптесі жайлы біраз шындықтың бетін ашты, деп жазады Jambylinfo.kz

Ақын Мұхтар Ниязов жеке парақшасында жариялаған жазбасында бүгінгі туған күн иесіне қатысты қоғам тарапынан айтылған пікірге өз ойын жеткізді.

  • Бүгін біздің Айекеңнің дүние дидарын ашқан күні екен. Кейбір кісілер сырттай осы Айнұр Тұрсынбаеваны алыстағыны арбап, жақындағыны жалмап жейтін жалмауыз, әбжіл адам деп ойлайды екен. Негізі сондай деп май құя салсаң, ия. Менің Айекеңді танып, араласқаныма да жиырма шақты жыл болды ғой. Қанша рет айтыстық, бірге жүрдік, дастархандас болдық. Бұл кісі статистика бойынша айтыста ең көп шығынға ұшырап жүретін кісі. Тапқаны да аз емес, бірақ жоғалту жылдамдығы да жосын. Бес-он теңгеге көңілі көншімейді, миллиондап, бес жүз мыңдап жоқ қылып жіберіп, “пешенеге жазғанды көрерміз” деп печеньемен қою шайды ұрып отыра береді,- деп жазды Мұхтар Ниязов.

Аталған жазбаға пікір білдіргендер де аз емес. Олардың дені: «Алла ұзақ ғұмыр берсін.Мұхтар бауырым жақсының жақсылығын айтып,нұрын тасытып,жүре бер», «Жақсы дос деген осындай қасиетті айтады», «Ғұмырлы болсын әпкеміз!» деген сарында болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар